Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің финалында отандасымыз италиялық Томас Фаббианоны жеңді.

1 сағат 27 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.