19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтағы алғашқы ойында Қазақстан Польшамен ойнап, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Құрама сапындағы екі допты да Вадим Булдин соқты.

Айта кетейік, Қазақстан,Польшамен бірге Босния және Герцеговина мен Финляндия құрамалары да 4-топта ойнайды. Қазақстан құрамасы 16 наурызда Финляндиямен, 18 наурызда Босния және Герцеговинамен кездеседі.