Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Серікжан Мужиков 17 наурызда өтетін Қазақстан чемпионатының 3-турындағы петропавлдық «Қызыл-Жарға» қарсы ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

32 жастағы жартылай қорғаушы ел біріншілігінің 1-турындағы оралдық «Ақжайыққа» қарсы ойынның 17-минутында алған жарақатына байланысты алаңға шықпайды.