Prosports.kz назарларыңызға Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші раундындағы қазақстандық Елена Рыбакина мен беларусиялық Виктория Азаренко арасындағы кездесуге бейнешолу ұсынады.

Кездесу 6:3, 6:4 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Елена Рыбакина жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен таласады.

Фото wtatennis.com