Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлде алды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты.

Алтын:Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі), Санжар-Әли Бегалиев (66 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі) және Құралай Егінбайқызы (80 келі)