Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ол таиландтық Нантичачон Пронклангпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін шаршы алаңға шыққан боксшылар арасында Томирис Мырзақұл мен Виктория Байдукова алтын медаль алған болатын.