«Тұран» Гвинеи-Бусау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силвамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы ойыншы алғашқы кәсіби келісімшартын англиялық «Ливерпуль» командасымен жасасқан. Артынша Силва Болгерия, Грекия, ОАР, Түркия, Сауд Арабиясы мен Румынияда өнер көрсетті.

2020 жылы Тони Силва «Таразбен» келісімшарт отырды. Жамбылдық команда сапында 17 матчта 4 гол соқты. Өткен маусымда «Тобыл» сапында ел чемпионы атанды.

«Бенфика», «Челси» және «Ливерпуль» жастар командасында доп тепкен. Гвинеи-Бисау құрамасының сапында 14 матчқа қатысып, 2 гол соқты.