Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек туралы кейбір мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Белгілі болғандай, жекпе-жек Сайтамада (Жапония) өтеді.

Негізгі кард кездесулері Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30-да басталады. Басты жекпе-жек 17:30-ға жоспарланған.

Кешті DAZN стриминг қызметі тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (41-1-1) мен Риота Мурата (16-2) басты кездесуде жұдырықтасады.