Қарағандылық «Шахтердің» ойыншылары Игорь Шацкий, Роман Мұртазаев, Тимур Досмағамбетов пен Абылайхан Назымханов Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама бас бапкерінің қызметін атқарушы Андрей Карпович Молдоваға қарсы өтетін матчқа шақырту алған футболшылар тізімін жариялады.

Еске салайық, УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында қалу үшін Молдова мен Қазақстан 24 наурызда Кишиневте матч өткізеді. Ал қарымта кездесу 29 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.