Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатында қатысушылар тоғыз ойынның алтауын ойнатты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Суперлигада «Сарқан» (Талдықорған) қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, өте мықты ойын көрсетуде. Құрамында Ресей чемпионатының жеңімпаздары Алексей Жуков (Мәскеу), Даниил Травин (Қазан), Қазақстанның екі дүркін чемпионы Денис Жолудев, жастар арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы Ескендір Харки бар команда 12 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орынды «Хван Ман-Гым» (Өзбекстан, 11 ұпай), үшінші орынды әрқайсысы 10 ұпайдан жинаған «Қарағанды», «Қазаэронавигация» (Нұр-Сұлтан) және «Қарағанды-3» иеленді.

1-лигада «Andijan» (Өзбекстан, 12 ұпай), «Alga Express» (Алматы, 12 ұпай) көш бастап тұрса, оларды «Ардагер» (Алматы, 11 ұпай) қуып келеді.

Бірінші тур бүгін, 13 наурызда аяқталады.