«Астана» шабандозы Харольд Техада «Тиррено-Адриатико» көпкүндік веложарысын жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы шабандоз жарыстың 6-кезеңде құлап, жарақат алып қалды. Осылайша, ол жарыстан шығуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, 6-кезеңде UAE Team Emirates. командасының словениялық велошабандозы Тадей Погачар топ жарды.

«Астана» сапынан үздік нәтижені Симоне Веласко көрсетті, ол мәре сызығын 25-болып кесті.