«Тобыл» қорғаушысы Душан Йованчич «Каспийге» (0:0) қарсы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жақсы командамен тартысты ойын өткіздік. Ойынның басым бөлігінде біз өз ырғағымызға түсе алмадық. Гол соғатын мүмкіндіктерге ие болғанымызбен, дәлдік жетіспеді. Енді келесі кездесуге тыңғылықты дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз», - деді Йованчич.