«Каспий» қорғаушысы Мақсат Тәйкенов «Тобылға» (0:0) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тобол» командасына қарсы ойын өте тартысты өтті, жеңіске жетуге екі команда да бар күшін салды.

Жанкүйерлеріміз сыйлаған атмосфера бір ерекше сезім сыйлап, біз қарсыластың қақпасына оңай шығып тұрғанымызды байқадым. Алайда кейбір сәттерде сәттілік жетіспеді, бірақ ел чемпионынан бір ұпай алғанымызда бізге әрі қарата жылжуға сенімділік береді.

Командаластарыма және жанкүйерлерге алғысымды білдіре отыра, алдағы ойындарда оданда жақсы өнер көрсетуге сенім білдіремін», - деді Тәйкенов.