«Атыраудың» жартылай қорғаушысы Андрия Филипович «Ақтөбеге» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚПЛ. 2-тур.

«Актөбе» (Актөбе) – «Атырау» (Атырау) – 2:1 (1:1)

Голдар: Филипович 20 (0:1), Видемонт 45+2 (1:1), Жулпа 83 (2:1)

Төреші: Сариев (Орал)

11 марта. Актөбе. Стадион ОСДЮШОР №8.

«Ауа райының колайсыздығына байланысты өз ойынымызды көрсету өте қиын болды. «Атырау» ФК-ның сапындағы алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Мен матчтың бас төрешісін құрметтеймін, сондықтан оның жұмысына ешқандай баға бере алмаймын. Бұдан да көп жұмыс істеуіміз керек, жеңістер міндетті түрде келеді», - деді ойыншы.