Бейжіңдегі қысқы Паралампиада ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға шаңғы жарысы өтті.

Параспортшылар отырып шаңғы тебу жарысында бақ сынады. Алтын жүлдені Қытай өкілі Мао Чжонву алды.

Қазақстандық Ербол Хамитов мәре сызығын 9-шы кесті. Сергей Усольцев 22-ші, Денис Петренко 26-шы, Юрий Березин 31-ші нәтиже көрсетті.