2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия - Аргентина матчы Оңтүстік Америкадан ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилия футбол конфедерациясы ФИФА-дан ойынды кейінге қалдыруды сұрады. Ауыстырылған ойын Австралияда немесе Азия елдерінің бірінде өтуі мүмкін.

Ойын 2021 жылы 5 қыркүйекте Сан-Паулуда өтті. Бастапқы ысқырықтан бірнеше минут өткен соң матч тоқтатылды. Оған Аргентина құрамасының ойыншылары Джовани Ло Селсо, Кристиан Ромеро және Эмилиано Мартинестің алаңға шығуы себеп болды. Бразилия денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, ойыншылар соңғы екі аптада болған жерлері туралы қате мәліметтер бергендіктен елге кіру ережелерін бұзған.