Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен 12,5 шақырымға түрегеп жарысудан жекелей сында мәре сызығын бесінші болып қиды.

Аталған сайыста алтын медаль франциялық Бенжамен Давьеге бұйырса, одан кейінгі орындарды канадалық Марк Арендц пен украиналық Григорий Вовчинский өзара бөлісті.

Еске салсақ, бүгін қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды.