Шымкенттіктердің бас бапкері «Тараз» - «Ордабасы» ойыны жайлы пікір білдірді⠀- Маған тек «Таразды» жеңіспен құттықтау ғана қалып тұр. Жұмсағырақ айтқанда, алғашқы тайм біз үшін сәтсіз болды. Оң нәтижеге қол жеткізуге екінші таймда көрсеткен белсенділігіміз жеткіліксіз болды. Бірінші таймда алаңға үйреністік деп айта алмаймын, ол екі команда үшін де бірдей болды.

Бірақ мен, неліктен біздің осындай өнер мәнерін таңдағанымызды түсінбеймін, қысқа және орта деңгейдегі пастармен құрылымды ойын көрсетуге тырыстық, бұл сырт көзге ебедейсіз көрінді. Мұның соңы қақпамызға соғылған голға алып келді, бұл меніңше өз алаң иелерінің айқын артықшылығы.

Екінші таймда, біз қалай ойнау керектігін түсіндік және футболшыларымыз қарсыласқа қысым көрсету арқылы өз күштеріне сенімді болды. Алайда, допқа иелік ету әрдайым артықшылыққа жата бермейді.

Бізге қорытынды соққы ғана емес, соңғы пас та жетіспеді. Оған асығыстығымыз бен алаң сапасы және ең бастысы біздің шеберлігіміз кінәлі. Біз дұрыс шешім шығарып, жинақы бола түсеміз деп ойлаймын және ойынды бүгінгіге қарағанда ертерек бастауға тырысамыз деп үміттенемін.