2021 жылғы маусымнан бастап ҚКФЛ жыл қорытындысы бойынша үздік сұрмергенге КСРО құрамасына шақырылған атақты отандық сұрмерген Евстафий Пехлеванидидің есімін беру туралы шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Е. Пехлеваниди атындағы алғашқы жүлдені «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов иеленді.

Айта кетейік, 2021 жылғы Қазақстан чемпионатында хорватиялық ойыншы 17 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанған болатын.