Былтыр ҚКФЛ маусымның қорытындысы бойынша үздік шабуылшыға берілетін жүлдеге отандық футболдың аңызы Сергей Квочкиннің есімін берген болатын, деп жазады Prosports.kz.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Қайрат» және Қазақстан құрамасының ойыншысы Артур Шушеначев еліміздің үздік шабуылшысы атанды. Ол Квочкин атындағы алғашқы сыйлықтың лауреаты болып тарихта қалды.

Артур өткен маусымда еліміздің бас командасының құрамында дебют жасады, ал клубтық деңгейде қазақстандық ойыншылар арасында чемпионаттың үздік сұрмергені атанды. Шушеначев чемпионатта 12 гол, кубокта 5, Суперкубокта бір гол соқты, сондай-ақ еурокубоктарда 4 рет нәтижелігімен көзге түсті.

Жаңа маусымның алдында отандық футболдың тағы бір танымал ардагері Сейілда Икрамұлы Байшақов Шушеначевқа Квочкин атындағы сыйлықты табыс етті.