IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) «суперчемпион» жапондық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жекке дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG Instagram парақшасында "Бір айдан кейін көріскенше" деп жазды.

Еске салайық, жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жек бастапқыда өткен жылдың желтоқсан айының соңында өтуі керек еді, бірақ омикрон коронавирус штаммының таралуын болдырмау үшін енгізілген шетелдік азаматтардың Жапонияға кіруіне шектеу қоюға байланысты кейінге қалдырылды.