Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, ҚПЛ 2-туры аяқталысымен Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтеді.

«Екінші турдан кейін барлық мәселелер біріктіріліп, олар бойынша шешім шығарылады. Оның ішінде «Астана» - «Шахтер» матчында болған оқиға да бар», - деді ҚКФЛ Prosports.kz сайтына.

Еске сала кетейік, ҚПЛ 1-турындағы «Астана» - «Шахтер» матчында елордалық команда сапында бір мезгілде жеті легионер болды, бұған ҚФФ ережесімен тыйым салынған. Ереже бұзғаны үшін Нұр-Сұлтандық клубқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.