Америкалық Индиан-Уэллс ATP турнирінің ұйымдастырушылары «Үлкен дулығаның» 20 дүркін чемпионы Новак Джоковичке қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін теннисшінің коронавирусқа қарсы екпеден бас тартуына байланысты АҚШ-қа кіре алмайтыны хабарланған болатын.

«Новак Джокович турнир тізімінде, сондықтан жеребе тартуға қатысты. Біз қазір оның командасымен байланыстамыз. Осыған қарамастан, оның елге кіруге рұқсат алып, турнирге қатысатыны әзірге белгісіз», - деп жазды ұйымдастырушылар твиттерде.

Фото: Getty Images