Швециялық сырықпен секіруші Арманд Дуплантис осы спорт түрінен жабық кешендегі әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белградта өтіп жатқан Сербияның ашық біріншілігінде 6 метр 19 сантиметрді бағындырып, өзіне тиесілі алдыңғы жетістігін бір сантиметрге жаңартты.

Сондай-ақ 22 жастағы швециялық спортшы сырықпен секіруден әлемдік рекордқа да ие - 6 метр 15 сантиметр.