Дмитрий Попко Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің финалдық кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында қазақстандық теннисші колумбиялық Даниэль Галан Риверостан екі сетте ұтылды - 4:6, 5:7.

2 сағат 12 минутқа созылған матчта Попко 8 эйс жасады.