Қазақстандық қыздар Ұлдана Таубай (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) мен Нұрсұлу Сүйенәлі (63 келіге дейін) Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалистері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлдана Таубай бірінші раундта Пәкістан өкілі Хадия Камал Ханды техникалық нокаутпен жеңді. Нұрсұлу Сүйеналы финалға жолдамаға таласта өзбекстандық Рухшона Шакарованы төрешілердің шешімімен (3:2) жеңді.

Бұған дейін Карина Токубай (50 келіге дейін) құрлық біріншілігінің финалисті атанған болатын. Қазақстанның тағы бес өкілі жартылай финалдық белдесуінде жеңіліп, қола жүлдеге ие болады.