Қазақстан Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында биатлоншы Александр Герлиц қола жүлдеге қол жеткізген соң медаль еншіліген құрамалар қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Қазақстан құрамасы Австралия және Швейцариямен 17-ші орынды бөлісіп тұр.

Медальдық есепте Қытай көш басына оналасқан. Олардың еншісінде 8 алтын, 8 күміс және 11 қола. Екінші орында Украина – 6 алтын, 7 күміс және 4 қола медаль. Үздік үштікті 5 алтын, 2 күміс және 6 қоламен Канада түйіндеп тұр.