Иорданияның астанасы Амманда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәл қазір төрт салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды. Қазақстандық төрт қатысушының тек біреуі ғана финалға өтті – 50 келі салмақта Карина Токубай өзбекстандық Хилолахон Захрабованы жеңіп, финалда Үндістан өкілімен алтынға таласады.

Диана Елеусіз (46 келіге дейін), Гауһар Зарден (48 келіге дейін) және Шахназ Тайыржанова (52 келіге дейін) жартылай финалда жеңіліп, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін иеленеді.