«Қайсар» Түркиядағы маусым алды оқу-жаттығу жиыны аясында Данияның «Ишой» клубымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаев бірқатар ойыншыны сынақтан өткізді. Ойын тағдырын даниялық клуб ойыншысы соққан жалғыз голы шешті.

11 наурызда «Қасқырлар» Швеция суперлигасында өнер көрсететін «Эстерсундпен» кездеседі.

«Қайсардың» құрамы: Калмыков (Салайдын), Сарбай (Төлегенов), Лаша (Камбиль), Горизанов (Бауржан), Сахалбаев (Байжанов), Сламбеков (Құрманбекқлы), Әнуарбеков (Сейітов), Алтынбеков (Махан), Құлмағанбетов, Абылқасов.