«Тобылдың» қорғаушысы Бағдат Қайыров «Ақжайыққа» қарсы матч туралы пікірін айтты.

– Ойын екі ұжымға да оңайға соққан жоқ. Қарсылас команда қорғаныста өте сауатты қимылдады. Бізде есеп ашатын көптеген мүмкіндік болды.

Ең бастысы маңызды үш ұпайға қол жеткіздік. Жанкүйерлерді маусымның басталуымен және кешегі жеңіспен құттықтаймын, - деді ойыншы.