Елордадағы «Дәулет» теннис орталығында жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы World Tennis Tour M25 турнирі аяқталды.

21 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев тартысты өткен финалда ресейлік Әлібек Качмазовқа 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебімен жол берді.

Өз еліндегі жарыста жүлделі болған ақтаулық спотшы АТР ретингінде 597-ші орынға көтерілді.