«Skade» командасы Elisa Envitational Winter 2021 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гранд финалда олар «Heet» командасын 2:0 есебімен (Overpass - 16:8 және Dust II - 16:8) ұтты.

Бірінші орын үшін команда 50 мың АҚШ долларын алды.

Айта кетейік, Elisa Invitational Winter 2021 турнирі 2021 жылы 15 қарашадан 2022 жылы 6 наурызға дейін онлайн форматта өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары.