Оңтүстік Америкада Dota Pro Circuit 2021/22 екінші маусымының іріктеу кезеңі аяқталды. Нәтижесінде перулік ұжымдар «Ravens» (DaaD-, Ñengoflow KELOKE, Benjaz, D1smar, Cara) пен «Vendetta eSports» (Tiburoncin, Migi, Drakeel, Bl4ke, JimmyCoff666) аймақтық лиганың екінші дивизионына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оңтүстік Америкадағы Dota Pro Circuit 2021/22 турнирінің екінші іріктеуі 17 наурыз бен 22 сәуір арасында Round Robin форматында өтеді. Қатысушылар бірінші дивизионда 250 мың, екінші дивизионда 75 мың долларды сарапқа салады. Үздік екі ұжым мейджорға жолдама алады.