«Қайрат» 26 жастағы камерундық қорғаушы Давид Эквемен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы оң қапталдағы қорғаныста ойнайды.

Еске салайық, Экве «Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын, бүгінге дейін командамен бірге жаттығу жасап жүрген.

Бұған дейін Давид Экве тек камерундық «Офта» клубында ойнаған.