Кәсіпқой бокстан үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова MMA ережесі бойынша Alash Pride промоутерлік компаниясының турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дубайдағы EXPO 2020 халықаралық көрмесінде Фируза Шарипова мен оның менеджері Сергей Завилейский қазақстандық Alash Pride KZ жекпе-жек клубының президенті Данияр Қасқарауовпен кездесіп, Фирузаның промоушеннің келесітурниріне қатысуы туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, жекпе-жек ММА ережесіне сәйкес өткізіледі.