Литваның бірнеше дүркін чемпионы "Жальгирис" клубы 22 жастағы қазақстандық қорғаушы Дінмұхамед Қашкенмен келісімшартқа отырды.

Қашкен кәсіби карьерасын 2016 жылы «Астанада» бастаған. Ол Қазақстан премьер-лигасында 19 ойын өткізген. «Астанадан» бөлек, «Жетісу», «Ақтөбе» және «Қайсар» командаларында өнер көрсеткен.

Биылғы жылы ол Қарағандының «Шахтерімен» келісімшартқа отырған. Алайда бір айдан кейін кетіп қалды.

«Жальгирис» клубын қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.