«Қайрат» АФК құрметті президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан футбол федерациясы президентін сайлау нәтижесін қалай қабылдағанын айтып, сайлау барсында болуы мүмкін ереже бұзушылық туралы пікірімен бөлісті.

– Қайрат Айтмолдаұлы, 28 ақпанда өткен ҚФФ президенттік сайлауының қорытындысын қалай қабылдадыңыз?

– Шынымды айтсам, мен үшін Берік Қаниевтің жеңісі түсінікті болар еді. Өйткені футболда жүргеніне көп жыл болды, барлық басқару тетіктерін біледі, ең бастысы, жұмыс процестерін қатаң қадағалап, ешкімнің бейқам жұмыс істеуіне жол бермес еді.

– Әділет Бәрменқұлов қажетті дауысты жинап, жеңімпаз бірінші турда анықталады деп ойладыңыз ба?

– Бұл екі үміткердің арасында тартыс болатынын білдім, бірақ елдегі соңғы көңіл-күй мен өзгерістерге қарап, жеке іскерлік байланыстары жақсы, бизнес-процестерді басқаруда үлкен тәжірибесі бар, қоғамға танымал тұлға жеңіске жетеді деп ойладым.

– Сайлау әділ өтті деп ойлайсыз ба? Сіз сияқты кандидаттың бірде-бір дауыс ала алмағаны таңғалдыралы.

– Мен Берік Қаниевке дауыс бердім, өйткені оны жақсы білемін, ол қазақстандық футболды қайта жандандыру кезеңінде дағдарысты еңсере алатын тамаша маман еді.

– Үш дауыс айырмашылығымен ұтылып қалған Берік Қаниев жағының апелляциялық шағымы туралы не айтасыз? Сіз олардың дауыс беру нәтижелеріне шағымдану туралы шешімін қолдайсыз ба?

– Бұл, белгілі болғандай, маңызды ескерту. Кез келген сайлау ашық болуы керек. Ал біздің жағдайда ол құпия болды және белгілі болғандай, ҚФФ-ның дауыс беретін мүшелерінің заңдылығына күмән туды, бұл жағдайда кез келген кандидат дауыс беру үдерісінің заңды негіздемесін талап етеді және өз құқығын қорғайды.

– Қаниев тарапты көрсеткен заң бұзушылық қаншалықты салмақты?

– Әрине, бұл мәселемен ҚФФ және Берік Қаниевтің заңгерлері айналысады. Егер заң бұзушылық расталса, УЕФА мен ФИФА үшін бұл жағдайға мұқият назар аудару қажет екенін білдіретін сигнал болады.

– Бүгін Қаниев өкілдерінің апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы не ойлайсыз?

– Бұл дұрыс емес. Сайлаудың әділ және дұрыс өткенін дәлелдейтін тиісті құжат ұсынылмады. Олар бұл деректерді қалай жасырса да, ерте ме, кеш пе, бәрібір ақиқат бәрібір ашылады.

– Сіздің болжамыңыз қандай: сайлау қайта өте ме?

– Әділдік болса, барлық қате мен ескертулер ескеріліп, қайта сайлау өтеді. Ал жаңа сайлауда кім лайықты болса, сол жеңіске жетеді.

– Егер сайлау қайта өтсе, сіз өз кандидатураңызды қайтадан ұсынасыз ба?

– Дауыс берудің екінші туры әділ өтіп, ең көп дауыс жинаған екі үміткер, былайша айтқанда, «жекпе жек» кездесіп, нағыз сайлаушылардың дауысын алар еді. Жаңа сайлау өтсе мен үміткерлердің біріне дауыс беремін.

– Федерация президентін сайлау нәтижесінің жойылуы әлемдік аренада беделі жоғары емес Қазақстан футболына зиянын тигізе ме?

– Біздің футболға қазіргіден артық зақым келтіру мүмкін емес. Бұл Қазақстан футболының шындығы. Бірақ сайлау нәтижесін заңды түрде жою, демократиялық қайта құруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.