Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаев волонтер болып, Ресеймен соғыста Украина халқына көмектесуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бәріңе сәлем! Менің атым Мәди Жақыпбаев, соғыс басталғаннан бері Киевтемін. Мен ерікті болып, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге көмектесіп жүрмін. Күніне 200-300 порция тамақ жеткіземіз (орта есеппен күніне 80 000 теңге). Азық-түлік және басқа заттарды алуға өз қалтамнан ақша беремін.

Қаржылай қолдау көрсетемін дегендер мына деректемелерге ақша жіберсе болады: карта нөмірі – 5169 4971 0510 4222, шот нөмірі – KZ90722С000031801442, ЖСН – 000321550133, алушы – Жақыпбаев Мәди. Ақшаның мұқтаж жандарға жұмсалғанын растайтын барлық чек көрсетіледі», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.