ЦСКА Ресей Премьер лигасының 1- турында «Нижнего Новгородпен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 1:0 есебімен мәскеулік клубтың пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды Юусф Языджи соқты.

ЦСКА сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамда бастап, екінші таймда алаңға шықты.

Айта кетейік, қазақстандық маман Григорий Бабаян ЦСКА-ның бапкерлік штабында жұмыс істейді.