«Шерифтің» қазақстандық шабуылшысы Данил Анкудинов Молдова чемпионатындағы бірінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

7-турдың кейінге қалған матчында команда өз алаңында «Сфинтул Георгемен» кездесті. Анкудинов екінші таймда (87-минутта) қосалқы құрамд алаңға шықты. «Шериф» 2:0 есебімен ұтты. Голдарды Густаво Дуланто (38-минут) пен Адама Траоре (76-минут) соқты.

Осы жеңістен соң «Шериф» маусымдағы 50-ші ұпайын еншіледі.