Хамарда (Норвегия) осы күндері спринт және классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық конькиші Надежда Морозова 500 метрге жүгіруден мәреге үшінші болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық 38,590 секунд уақыт нәтижесін көрсетті, бұл оған қорытынды тізімде үшінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Жапония өкілі Михо Такаги иеленді. Екінші орында оның отандасы Аяно Сато.

Келесі кезекте Морозова 3000, 1500 және 5000 метр қашықтықта бақ сынайды.