«Астанаға» Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы «Шахтерге» қарсы матчта ереже бұзғаны үшін техникалық жеңіліс тіркеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші таймда командада 7 легионер алаңда болған: Данил Бескоровайный, Брайан Силва, Жереми Манзорро, Педру Эуженио, Мохаммед Камара, Марко Милошевич және Марин Томасов.

Ереже бойынша алаңда бір уақытта алты легионер ғана ойнай алады. Осылайша, «Астанаға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркеледі.

Еске салайық, матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.