«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын тәжірибелі ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы 32 жасар ресейлік орталық жартылай қорғаушы Руслан Камболов команданың жаңа ойыншысы атанды.«Алания» түлегі болып табылатын Русланның мансабында мәскеулік «Локомотив», қазандық «Рубин» және «Краснодар» сияқты белді клубтар болды.Соңғы маусымын Ресей Премьер-лигасында Камболов тулалық «Арсенал» сапында өткізді. Сондай-ақ ол — жасөспірімдер деңгейінен бастап Ресей ұлттық құрамасына дейін жеткен футболшы.