5 наурызда «Барыс» Гагарин кубогының 1/8 финалы аясында «Металлургке» қарсы үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч елордада өтеді. Серияның алғашқы кезеңінде елордалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші кездесуде 2:6 есебімен есе жіберді.

«Барыс» – «Металлург» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды Qazsport және ҚХЛ ТВ тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ «Барыс» клубының сайты мен мобильді қосымшасынан көруге болады.