«Ордабасы» футбол клубы төрт шетелдік футболшымен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Того құрамасының шабуылшысы Серж Ньюадзи

Cерж француздық «Ниццаның» түлегі, ол ең алғашқы кәсіби еңбек-шартына осы командамен отырған. Қазақстан Премьер-Лигасында «Тараз» бен «Каспий» үшін 40-тан астам кездесу (10 гол) өткізген.

Сонымен қатар Того құрамасы сапында 5 ойынға қатысқан.

Өзбекстандық қорғаушы Одил Абдумажидов

Одил өткен маусымда Өзбекстан Суперлигасында Бекабад қаласының «Металлург» командасы үшін өнер көрсеткен. 14 жасынан бастап құрама табалдырығын аттаған. Өзбекстан жастар құрамасының ойыншысы.

Украиндік жартылай қорғаушы Александр Батищев

Александр отанында «Сталь», «Заря», «Шахтёр» (Донецк) клубтарында ойнаған, кейін беларусьтік «Белшина», «Дняпро» және «Гомельде» доп тепкен.

Бразилиялық жартылай қорғаушы Виктор Брага

Виктор бразилиялық «Санта Круз» клубының түлегі болып табылады. Өткен маусымда «Сантос» және «Лондрина» клубтары сапында өнер көрсеткен.