«Тұран» футбол клубы қақпашы Эмиль Балаевпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Эмиль Балаев – әзірбайжандық қақпашы. Мансабында «Сумгаит», «Нефтчи», «Араз-Нахчыван», «Карабах», «Сабаил», «Зиря» және немістің «Айнтрахт» секілді командаларында ойнаған. Сондай-ақ Қазақстанда «Тобылдың» қақпасын қорғады.