Финляндияның Контиолахти аймағында биатлоннан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін ерлер арасындағы эстафета жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Алтын медальді Норвегия құрамасы, күмісті Швеция, қоланы Франция командасы жеңіп алған.

Қазақстан ерлер құрамасы жарысты 18-ші орынмен аяқтады. Біздің команда сапында Владислав Киреев, Александр Мухин, Данил Белецкий және Сергей Сирик жарыс жолына шыққан.

Қазақстан әйелдер командасы кеше өткен эстафетада 12-ші орын алған болатын.