Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 28 турнирі аясында қырғызстандық Азат Нурмамадов (3-1) пен қазақстандық Самат Мамедов (2-0) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Қазақстандық файтер қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жек басталар алдында Нурмамадов салмақ дәрежесінен асып кеткені үшін сары қағаз алды.

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы.