Бүгін Контиолахтиде биатлоннан әйелдер арасында Әлем кубогы кезеңі аясында эстафета жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы (Галина Вишневская, Дарья Климина, Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова) 12-орын алды.

Бірінші орынды Норвегия құрамасы иеленді, екінші болып мәреге Швеция өкілдері келді, ал үздік үштікті италиялық биатлоншылар түйіндеді.

Әлем кубогының кезеңі. Биатлон. Эстафета. 4x6. Әйелдер

1. Норвегия – 1:09:48.1 (0+1, 0+3, 0+4)2. Швеция +37.7 (0+7, 0+1, 0+8)3. Италия +1:00.2 (0+1, 0+6, 0+7)…12. Қазақстан +5:36.1 (0+3, 0+5, 0+8)

Фото: olympic.kz