«Ақтөбе» ивуарлық шабуылшы Жерар Гоумен келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

Бұған дейін ақтөбелік клубтың бапкерлер штабы Жерар Гоудың бабына көңілі толмаған еді. Дегенмен мүмкіндік беріп, енді келісімшартқа отырды.